Бастауыш мектеп
Финдік білім беру үлгісі
(Play-Based Learning)
  • Бағдарламаның сипаттамасы
    Финдік білім беру жүйесі білім беру сапасының халықаралық рейтингтерінде жоғары орындарға ие, сондай-ақ қоғамның, педагогтардың және ата-аналардың қолдауына ие.

    HTА фин үлгісі ең алдымен оқушыларға, сондай-ақ мыналарға бағытталған:

    • Жекелей оқыту
    • Қолайлы оқу ортасын дамыту
    • Оқушылардың өз бетінше әрекеті
    • Оқушылардың бір-бірімен, мұғалімдермен және мектеп қауымдастығымен өзара әрекеттесуі.
  • Оқыту ерекшеліктері мен тәсілдері
    Финдік жүйе ерекше көңіл бөледі:


    • Тұлғаға бағытталған оқыту;
    • Оқушының зияткерлік, психикалық және физикалық әл-ауқаты;
    • Зияткерлік және бәсекеге қабілетті оқыту нәтижелеріне қол жеткізуге бағытталған оқу бағдарламасын құру;
    • Тіл және мәдени дағдыларды дамыту;
    • Оқытуды бағалау және кері байланыс;
    • Мектепте кәсіби оқу қоғамдастығын қалыптастыру;
    • Үй, мектеп және жергілікті қоғамдастық арасындағы ынтымақтастық.
  • Оқытушылар
    • Оқу материалын жоғары деңгейде меңгерген;
    • Мықты педагогикалық дағдыларды меңгерген
    • Әр баланың жеке қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін әртүрлі әдістемелік құралдар мен тәсілдерді меңгерген.
  • Оқушылар
    • Оқушылар жаңа білім мен дағдыларға ие болады;
    • Алынған білімді, тәжірибені, эмоцияларды талдайды;
    • Позитивті эмоционалды тәжірибелер, оқудағы қуаныш және шығармашылық қабілеттерін көрсету мүмкіндіктері оқуға ықпал етеді және оқушылардың дағдыларын дамытуға ынталандырады.
Трансверсалды біліктілігін дамыту

Күн тәртібі  
Толық күн 08:30 – 16:20
08:30 – 09:00
Таңғы ас
09:00 – 09:30
Сынып сағаты
09:30 – 10:10
Сыныптар: 1 кезең
10:30–11:20
Сыныптар: 2 кезең
11:20 – 12:30
Түскі ас
12:30 – 13:10
Сыныптар: 3 кезең
13:20 - 14:00
Сыныптар: 4 кезең
14:20 - 15:00
Сыныптар: 5 кезең
15:10 - 16:10
Клубтар және сыныптан тыс жұмыстар
16:20 - 16:30
Оқушылардың кетуі
2023-2024 оқу жылына
арналған оқу құны

2023-2024 оқу жылына арналған 1-5 сыныптар аралығында оқудың жылдық құны - 5 875 000 теңге*

Құнына білім беру бағдарламасы, күніне үш рет тамақтану және оқу материалдары кіреді.

Төлемді бірыңғай төлеммен оқу жылының басында немесе ай сайын төлеуге болады. Екінші және одан кейінгі балаға 10% жеңілдік өтініш бойынша беріледі.

Оқуға түскен кезде келесінің ақысын төлеу қажет:
  • 1-5 сыныптарға сұхбат – 30 000 теңге.
Сұхбаттан өту мектепке түсудің кепілі болып табылмайды.

  • Кіру жарнасы – 150 000 теңге. Бір рет төленеді және қайтарылмайды.
  • Оқудың бірінші айы

* Мектеп оқу жылы басталғанға дейін оқу құнына өзгерістер енгізу құқығын өзіне қалдырады.

Сіз бұл бетте төлем әдістерімен таныс бола аласыз.
Не себепті НТА?
  • Тамақтану
    Құнына күніне үш рет тамақтану кіреді. Біздің мәзір теңдестірілген және дәмді тағамдардан тұрады. Біз Алматы қаласының балалар тағамы саласындағы үздік компанияларымен ынтымақтасамыз, олар өнімдердің тамаша сапасына және барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға сәйкестігіне кепілдік береді. High Tech Academy асханасы жаңа техникамен жабдықталған.
  • Тасымалдау
    Мектеп қала ішінде ыңғайлы шағын автобустармен тасымалдауды қамтамасыз етеді. Автобустар балаларды үйлеріне жақын қиылыстардан нақты кестеге сәйкес алып кетеді.

    Біз балаларды тасымалдау ерекше назар аударуды талап ететінін түсінеміз және тек үздік серіктестермен жұмыс істейміз.
  • Мектеп ғимараты
    Мектептің жаңа ғимаратының құрылысы 2021 жылы аяқталды. Ол қажетті жабдықтармен және инфрақұрылыммен толық жабдықталған, сонымен қатар әлемдік білім беру стандарттарына сәйкес келеді.

    Фин сәулетшілері әзірлеген мектептің жобасына бастапқы буын корпусы, орта буын корпусы, жоғары буын корпусы, Budokan Almaty спорт және өнер орталығы кіреді.

    Ғимарат Көк Төбе ауданындағы қаланың экологиялық орталығында салынған.
  • Budokan Almaty
    Budokan – бұл заманауи спорт және өнер орталығы. Budokan мақсаты – жан мен тән үшін кеңістік құру.

    Орталықта спорт секциялары мен сабақтарының 20-дан астам түрі бар:
    • 5 жолақты 25 метрлік бассейн
    • Жаттығу залы
    • ASB GlassFloor бірегей еден жабыны бар ойын залы
    • 12 метрлік өрмелеу қабырғасы
    • Жекпе-жек клубы
    • Art орталығы
Гранттар
Жыл сайын HTA оқуға түсу жарнасын, тамақтануды, тасымалдауды және оқу материалдарымен қамтамасыз етуді қоса алғанда, оқу құнын толық өтейтін білім грантына конкурс жариялайды.

Білім гранты конкурс нәтижелері және отбасының қаржылық жағдайын тексеру негізінде беріледі – грант әлеуметтік осал отбасылардан шыққан балаларға арналған.

Гранттар квота бойынша және сыныпта бос орындар болған жағдайда мектептің орта буынында оқуға беріледі.

Конкурс тапсырмасымен және оны орындауға қойылатын талаптармен мамыр айының соңында – маусым айының басында әлеуметтік желілердегі мектептің парақшаларында танысуға болады:
  • Instagram (https://instagram.com/htacademy_kz)
  • Facebook (https://www.facebook.com/HighTechAcademyKZ)
Жеңілдіктер
Екінші және одан кейінгі балаға 10% жеңілдік өтініш бойынша беріледі.

Көктөбе сити – НТА серіктестік бағдарламасы бойынша жеңілдіктер:

  • Көктөбе-Ситиде салынып жатқан (бастапқы) тұрғын үйді сатып алу кезінде НТА мектебінде оқитын бірінші балаға 5%, екінші балаға 10%, үшінші және одан да көп балаларға 15% жеңілдік беріледі.

  • Көктөбе-Ситиде тұрғын үй болған жағдайда барлық балалардың НТА мектебінде білім алуына 5% жеңілдік беріледі.

Сан қилы түрлерге арналған жоғарыда аталған жеңілдіктер бір-бірімен немесе басқа бағдарламалармен және ұсыныстармен жинақталмайды.