2025-2026 оқу жылына өтінім қабылдау ашық! Өз деректеріңізді осында қалдырыңыз
Қадам бойныша оқуға түсудің үдерісі
Әдістеме, күн тәртібі, оқу құны мен жеңілдіктер
Әдістеме, күн тәртібі, оқу құны мен жеңілдіктер
Әдістеме, күн тәртібі, оқу құны мен жеңілдіктер
Қадам бойынша оқуға түсудің үдерісі
1-ҚАДАМ: Мектеп туралы ақпарат алуға өтінім
HTA туралы толық ақпарат алу үшін өтінім қалдырыңыз.

Бос орындар болған жағдайда мектепке экскурсия ұйымдастырылады. Мектеп бойынша видео турды қарай аласыздар.
2-ҚАДАМ: Сұхбатқа өтінім және төлем
Мектеп туралы толық ақпаратпен танысқаннан кейін, сұхбаттасудан (интервью)өтуге өтінім қалдыра аласыз. Сұхбаттасу (интервью) келесідей жүргізіледі:
  • Мектепалды даярлық тобы және 1–3 сыныптар үшін – сынақ күні
  • 4–10 сыныптар үшін – сұхбаттасу (интервью)

Сұхбаттасуға (интервью) өтінімді WhatsApp арқылы немесе info@hta.kz поштасына жолдай аласыз. Өтінімде баланың толық аты-жөні, туған күні, сынып және қабылдау жылы, соңғы оқу орнының атауы, ата-ананың аты және байланыс нөмірі көрсетілуі тиіс.

*Мүдделі сыныпта бос орын болмаған жағдайда, өтінімдер күту парағына енгізіледі. Орын пайда болған кезде біз ата-анамен көрсетілген нөмір бойынша кезек тәртібімен байланысамыз.
3-ҚАДАМ: Сұхбатты растау
Сыныпта орын болған жағдайда, менеджерлер күту парағындағы кезекпен хабарласып, экскурсия және сұхбаттасуға  (интервью) шақырады. Сұхбаттасу (интервью) төлем жасалғаннан кейін расталады.

  • 9–10 сыныптарға үміткерді қарастыру және сұхбаттасу (интервью) тағайындау үшін ағылшын тілі деңгейін растау қажет — Duolingo English Test нәтижесі 100 балдан төмен болмауы керек.
  • Duolingo English Test— бұл ағылшын тілін онлайн тексеру тесті. Бағасы – 70 АҚШ доллары. Сертификатталған нәтиже 48 сағат ішінде беріледі. Тест шарттарымен Duolingo сайтынан таныса аласыз. Мұнда Duolingo English Test нәтижелерін жіберу жөніндегі нұсқаулықпен таныс бола аласыздар.

  • Сынақ күні/сұхбаттасу (интервью) құны – 30 000 теңге. Төлем жасалмаса немесе форма толтырылмаса, мектеп сұхбаттасуды (интервью) белгіленген уақыттан 24 сағат бұрын жоюға құқылы.
  • Төлем әдістерімен осында танысуға болады.
4-ҚАДАМ: Баламен және оның ата-анасымен сұхбат
HTA — инклюзивті мектеп. Болашақ оқушылармен сұхбаттасу (интервью) кезінде біз үшін маңызды:
  • Бала HTA мектебінде оқи отырып, өз әлеуетін аша алады ма;
  • Мектепте оқушыны қолдау үшін қажетті ресурстар бар ма;
  • Ата-ана мен бала HTA философиясын, миссиясын, құндылықтары мен көзқарасын бөлісе ме.

*Қажет болған жағдайда мектеп үміткердің бұрынғы оқу орнынан ұсыным хат сұрата алады.
**Сынақ күнінен/сұхбаттасудан (интервью) өту – қабылдауға кепілдік емес.
Мектепалды даярлыққа және 1-3 сыныптарға сұхбат екі кезеңнен тұрады:
  1. Ата-аналармен кездесу
  2. Балаға арналған таныстыру күні

Ата-аналар баламен белгіленген уақытта келеді, мұғаліммен қысқа танысқаннан кейін бала сыныпта қалады. Ата-аналар Мектепалды даярлық басшысымен кездеседі.

Балаға арналған таныстыру күніне сабаққа қатысу, басқа балалармен ойнау және тамақтану кіреді. Таныстыру күнінде бала мектеп психологымен де таныса алады. Таныстыру күні аяқталғаннан кейін ата-аналар педагогтан кері байланыс алады және мектепалды даярлық басшысына қосымша сұрақтар қоя алады.

Қабылдау туралы шешім қабылдау үдерісі:

Қабылдау туралы түпкілікті шешім баламен және ата-аналармен сұхбатынан кейін мұғалім, мектеп психологы мен бастауыш мектеп директорының орынбасарының кеңесі барысында қабылданады.

Оқуға қабылдаудың негізгі шарттары:

  • Оқушы жаңа білім беру ортасына бейімделу қабілетін көрсетеді;
  • Оқушы ағылшын, қазақ және орыс тілдеріндегі қарапайым нұсқауларды түсінеді және оларды орындай алады;
  • Мектеп баланың оқуына қолдау көрсете алады;
  • Мектеп оқушының табысты дамуына қолайлы;
  • Отбасы HTA құндылықтары мен философиясына қосылады және оның білім беру әдістемесін қолдайды.
Сұхбат екі бөлімнен тұрады:

  • Баламен танысу және оған үш тілде оқу қаншалықты ыңғайлы екенін және осылайша High Tech Academy мектебінде оқудың пайдасы бар-жоғын анықтау үшін мектеп мұғалімдерімен кездесу.

  • Мектеп психологымен кездесу баланың қызығушылықтары, хоббиі, мінезінің күшті жақтары туралы білуге, баланы тиісті сыныпқа анықтайтын психологиялық портретті көруге және оның мектепке бейімделуіне болжам жасауға бағытталған.

Сұхбат жүргізу күні оқушы мен оның ата-анасы мектепті көріп, мектепті аралау барысында өз сұрақтарын қоя алады.

Қабылдау туралы шешім қабылдау үдерісі:

Оқуға қабылдау туралы түпкілікті шешім қабылдау үшін басшылық (бастауыш, орта және жоғары мектеп үшін – директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, мектепалды даярлық үшін – бастауыш мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары) мұғалімдермен және психологтармен кеңеседі.

Оқуға қабылдаудың негізгі шарттары:

  • Оқушы жаңа білім беру ортасына бейімделу қабілетін көрсетеді;
  • Оқушы ағылшын, қазақ және орыс тілдеріндегі қарапайым нұсқауларды түсінеді және оларды орындай алады;
  • Мектеп баланың оқуына қолдау көрсете алады;
  • Мектеп оқушының табысты дамуына қолайлы;
  • Отбасы HTA құндылықтары мен философиясына қосылады және оның білім беру әдістемесін қолдайды.
5-ҚАДАМ: Мектеп шешімін ата-аналарға хабарлау
Мектеп ата-аналармен байланысып, қажет болған жағдайда өз шешімін және оның себептерін хабарлайды.

Егер мектеп баланы қабылдау туралы шешім қабылдаса, ата-аналарға білім беру қызметтерін көрсету туралы ұсыныс пен құжаттардың толық ақпараттық пакетін жібереді:
  1. Жарғы;
  2. Лицензия;
  3. HTA Handbook;
  4. Өзара әрекеттесу нормалары;
  5. Жолаушыларды тасымалдау ережелері;
  6. Білім беру қызметтерін ақылы негізде ұсыну (қосылу) ШАРТЫ
6-ҚАДАМ: Ата-аналармен шартқа қол қою
Егер ата-аналар Шарттың барлық ережелерімен және HTA Handbook-пен келіссе, олар Білім беру қызметтерін
ақылы негізде ұсыну ШАРТЫНЫҢ ЖАЛПЫ ҮЛГІЛІК ТАЛАПТАРЫНА ҚОСЫЛУ ТУРАЛЫ ӨТІНІШке қол қою және Шартта көрсетілген барлық қажетті алымдарды төлеу арқылы ұсынысты 5 (бес) жұмыс күні ішінде қабылдауы керек.

Ата-аналар Қосылу туралы Өтінішке қол қою арқылы High Tech Academy мектебінің Жарғысымен, саясаты, ережелері және мектеп қауымдастығы мүшелерінің өзара әрекеттесуіне қатысты ішкі рәсімдерімен танысқанын және оларды қабылдағанын растайды.

Ата-ана Қосылу туралы Өтінішке қол қойғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде қабылдау жарнасын және бірінші айдың оқу ақысының төлемін жүргізеді.
7-ҚАДАМ: Қажетті құжаттарды ұсыну
Оқуды бастар алдында ата-аналар келесі құжаттарды ұсынады:
  1. Туу туралы куәліктің көшірмесі
  2. Баланың ЖСН (ҚР азаматтары емес үшін)
  3. Ата-аналардың жеке куәліктері
  4. Ата-аналардың жұмыс орнынан анықтама (жалақы көрсетілмейді)
  5. Баланың 3*4 фотосуреті
2–10 сыныпқа түсетіндер үшін қосымша:
  1. Алдыңғы мектептен кету талоны
  2. Баланың жеке ісі және мінездеме
  3. Алдыңғы оқу жылдарының табелі
  4. Негізгі білім туралы аттестат (тек 10-сыныпқа және одан жоғары сыныпқа түсушілерге қатысты)
  5. Ағылшын тілі деңгейі сертификаты (8 сыныптан бастап: Duolingo, TOEFL, IELTS немесе CEFR жүйелері)

Медициналық құжаттар:
  1. Денсаулық паспорты
  2. №26 медициналық форма
  3. №63 медициналық форма
  4. Жас ерекшелігіне сай алдын ала медициналық тексерістен өткені жөнінде анықтама
  5. Бассейнге бару үшін — дерматолог анықтамасы + нәжіс талдауы (гельминт/жұмыртқа)
Келесі формаларды толтыру:
  1. Оқушыны қабылдау туралы өтініш
  2. Оқушыны тіркеу формасы
  3. Ата-аналар порталына тіркеу
  4. Оқу платформаларына тіркеу

Мектеп толық құжаттар пакеті мен барлық формалар толтырылған жағдайда ғана оқушыны қабылдайды.
8-ҚАДАМ: Құттықтаймыз! Оқушы мектепке сәтті қабылданып, барлық мектеп жүйелеріне енгізілді
Close
Ақпарат алуға өтінім
Осы нысанды толтыру арқылы сіз құпиялылық саясатына сәйкес жеке деректерді өңдеуге келісесіз