• HTA-дағы пікірталас
Сабақтарда оқушылар аргументация, терістеу және салыстыру дағдыларын дамытады, тиімді стратегияларды құрастырады, көпшілік алдында сөйлеуді үйренеді және төрешілерден кері байланыс алады. Сонымен қатар, олар экономика, саясат, социология, халықаралық қатынастар, философия және экология негіздерін меңгереді. 2024–2025 маусымында HTA командалары World Schools форматындағы 9 халықаралық турнирге қатысты.

Мусаев Серикжан
High School санатында Қытайдағы NSDA China халықаралық турнирінің ширек финалисті.
Winter Cup 2021
Алматы қаласының мектептерінен 40-тан астам спикерлер қатысқан пікірталас және көпшілік алдында сөз сөйлеу бойынша турнир. Турнир Public Forum, Lincoln-Douglas, Original Oratory форматтарында өтті.
Spring Cup 2021
Қазақстан тарихындағы мектеп оқушылары үшін пікірталас бойынша алғашқы халықаралық турнир. Турнирге Алматы, Астана, Қытай мектептерінен 30-дан астам спикер қатысты.