HTA - School for Discovery
High Tech Academy (HTA) – бұл жобалық әдіске негізделген бірегей оқу бағдарламасы бар жеке инновациялық мектеп, мұнда оқушыларды қазіргі күрделі әлемнің қиындықтары мен құбылмалылығын тануға және оларға жауап беруге дайындайды.

High Tech Academy-да оқыту нақты әлемнің мәселелері мен қажеттіліктеріне байланысты жобаларға негізделген тәжірибелік оқытуға бағытталған. Біз оқушылар мен ересектердің өз жұмысының сапасы мен қоғамдастығына қамқорлық жасауға мүмкіндігі бар еркіндік, жауапкершілік, батылдық пен мейірімділік мәдениетін қалыптастыруға тырысамыз.

Алматы қаласы мен Қазақстан Республикасы үшін инновациялық оқыту мен
оқудың үлгі-өнегесі болу біздің мектебіміздің ұзақ мерзімді басымдығы болып
табылады.

Біз келесіні дамытуға ұмтыламыз:
Сапалы оқу және оқыту
Біз сапалы оқу мен оқыту – бұл жаңалықтар ашуға бірлескен жол деп санаймыз. Дербес және дәлелді шешімдер қабылдау қабілетін дамытатын, жергілікті және жаһандық қауымдастықпен әділ қарым-қатынас жасайтын белсенді азаматтарды қалыптастыратын жол. Оқушылардың мәдениетін, құқықтары мен әл-ауқатын құрметтейтін жол. Тұлғалық өсу және әлеуметтік-эмоционалды зият HTA-да оқу және оқыту үдерісінде өте маңызды болып табылады, онда оқушылар жоспарлап, мақсат қояды, өсуге бағытталған ойлауды дамытады, барлығын үйренуге болады деген сенім қалыптастырады, сұрақтар қояды, сыни және шығармашыл ойлайды, ой талдау жүргізеді, метатанымдық дағдыларды дамытады және жаңарту қызметымен айналысады.
Жаһандық азаматтық
Жаһандық азаматтық географиялық орналасуына, саяси немесе мәдени көзқарастарына қарамастан, әр адамның адамзат баласына жататындығын түсінуге негізделген. Бұл әлемнің нағыз азаматы эмпатияны бағалап, оның пікірін өзінің және қоғамдық көзқарастардың әсерінен қалыптастыруға болатындығын түсініп, әртүрлі көзқарастарды түсінуге деген шынайы ықыласқа ие болуы керек дегенді білдіреді. Біз мектеп ретінде қай пәннен болса да (әдебиет, биология немесе қазақ тілі болсын) алған білімдері мен дағдыларын қалыптасқан халықаралық мәселелерді шешуге қолдану осы тұжырымдаманы жүзеге асырудың жолы деп есептейміз.
Мәдениетаралық оқыту
Мәдениетаралық оқыту бізге ұғымдарды қалай қалыптастыратынымызды білуге мүмкіндік береді. Мәдениетаралық оқыту біз мәселелерді түсінуге және олар туралы қалыптасқан мәдени теріс пікірлердің әсерінен тыс тақырыптарды шешуге үйренген кезде пайда болады. Мәдениетаралық оқыту орын алған кезде біз өзіміз жүрген мәдени ортаны ескере отырып, мәселелерді қарастырамыз және мәселелерге әр түрлі көзқараспен қараймыз және мәдениет, құндылықтар мен наным-сенімдер біздің қабылдауымызға қалай әсер ететінін түсінеміз. Бізде өзіміздің мәдени, идеологиялық, саяси, моральдық тәжірибеміз, күшіміздің артықшылықтары мен ұстанымдары туралы негізгі өзіндік сана болуы керек.
Цифрлық азаматтық
Цифрлық азаматтық – бұл академиялық қызығушылықты дамытуға, зерттеулерге, сенімді және қажетті ақпаратты іздеуге, сондай-ақ кәсіби және тиімді қарым- қатынасқа ықпал ететін технологияларды жауапты пайдалану. Цифрлық азаматтық оқушылардан дереккөздердің заңға сәйкестілігін бағалау әдістерін әзірлеуді, әділсіздіктің болуын анықтауды және ақпаратты іздеу орнын
оңтайландыруды талап етеді. Шынайы цифрлық азаматтықтың тағы бір маңызды факторы – оқушылардың әлеуметтік байланыстағы эмпатиясының көрінісі. Оларкиберкеңістіктен тыс жерлерді көре алады және эмпатия мен аяушылық мінез-құлықты дамыта отырып, барлық цифрлық өзара әрекеттесуде басқа адамдардың адамгершілігін сезіне алады.
  • Пайым
    Біз бұл әлемді жақсарту үшін әр оқушының ең жақсы қасиеттерін ашуға
    тырысамыз.
  • Миссия
    Біз күрделі, жаһандық мәселелерді шешу үшін бірлесіп жұмыс істей алатын, жаңа нәрселерді үйренуге және жұмыс істеуге ынталы жандарды өсіреміз.
    Біз балалардың дәл қазір өмір сүріп, өздерінің әлемге ықпалын көруге қызығушылық танытатын жағдай жасаймыз.
  • Мақсаттары
    • Әр оқушының дербес өсуін барынша арттыру
    • Біздің қоғамдастықтың өзгеруіне белсенді үлес қосу
  • Ұзақ мерзімді мақсаттар
    Басты үлгі болу және қоғамды жақсы жаққа өзгерту
Стратегиялық даму жоспары
HTA 2020-2027
  • ТӘЖІРИБЕ АРҚЫЛЫ ҮЙРЕНЕМІЗ
    • Оқушылар жергілікті қоғамдастықтар үшін нақты мәселелерді шеше отырып, қазіргі күрделі әлемнің сын-қатерлері мен белгісіздіктеріне жауап қайтаруды үйренеді. Нақты ұйымдар оқушыларға жоғары сапалы және деректерге негізделген шешімдерді ұсынуды тапсырады.

    • Мұғалімдер соңғы нәтижеге қарамастан, оқушылардың оқу барысында алатын құнды өмірлік сабақтарына және дағдыларына ерекше назар аударады.

    • Дәл осы үдерісте оқыту жүзеге асады және біз үшін осы үдерістің сапасын қамтамасыз ету басымдық болып табылады.
    1
  • ӘДІЛДІК ЖӘНЕ ИНКЛЮЗИЯ
    • Мұғалімдер теңсіздікті жою үшін жұмыс істейді және оқушыларға өз әлеуеттерін толық ашуға көмектеседі.

    • Мұғалімдер әртүрлі ортадан шыққан, түрлі қабілеттері бар оқушылардың бірлескен жұмысының құндылығын түсінеді және әрқайсысын оқыту үшін кең ауқымды әдістерді қолданады.

    • Ілгерілеу тек академиялық жетістіктермен өлшенбейді. Адамдарда көптеген дарын мен дағдылар бар, оларды ынталандыру керек.
    2
  • ДЕНІ САУ БОЛУДЫ ҮЙРЕНЕМІЗ (ОҚУШЫЛАРДЫҢ САУЛЫҒЫ)
    • Оқушылардың саулығы өте маңызды.

    • Оқушылар қиын белгісіздік немесе дилемма жағдайында шешім қабылдауға көмектесетін жеке қасиеттерді (ақыл-ой қорын) дамытады.

    • Оқушылар үнемі өсуге, өмір бойы оқуға және өзін-өзі жетілдіруге ұмтылады.Олар мәселелер, қиындықтар мен қақтығыстарды оқудың құнды мүмкіндігі ретінде қабылдайды.
    3
  • БЕЛСЕНДІ АЗАМАТТЫҚ ҰСТАНЫМ
    • Біз оқытудың әлеуметтік құндылығын, құқықтар мен міндеттер арасындағы байланысты түсінеміз.

    • Біз оқушыларға өз үлестерін қосуға, ынтымақтастыққа және жергілікті, ұлттық немесе жаһандық қоғамдастықтарға оң өзгерістер енгізе алатындығын түсінуге мүмкіндік береміз.

    • Біз белсенді азаматтық ұстанымды сауаттылық нысаны ретінде қарастырамыз, ол айналада болып жатқан оқиғаларды (бізді қоршаған әлемді) түсінуді, дәлелді шешімдер қабылдау үшін білім алуды, сондай-ақ дербес немесе ұжымдық түрде сәйкесінше әрекет ету қабілеті мен батылдығын білдіреді.
    4
  • ТІЛДЕР ҮЙРЕНУ
    • Үш тілді мектеп бола отырып, біз тілдер үйренуге мүмкіндік ұсынамыз, соның арқасында оқушылар тиімді қарым-қатынас жасауды, танымдық қабілеттерін дамытуды, өзіндік ерекшелігін ашуды және басқа мәдениеттерді зерделеуді үйренеді.
    5
  • Еркіндік
    Мен өз сезімдерімді, ойларым мен мақсаттарымды білдіруде өзімді жайлы
    сезінемін.
    Еркіндік – бұл адамға емес, барлығына ортақ ережелер мен заңдарға бағыну.
  • Саналық
    Мен әрекеттер туралы ойланамын, автоматты түрде емес, саналы түрде әрекет етемін.
    Мен қазіргі уақытта өмір сүруге назар аударамын, өткен оқиғаларға немесе
    болашақ туралы ойларға алаңдамауға тырысамын.
  • Батылдық
    Мен қорықсам (үрейлену сезіміне қарамастан) да жаңа нәрсе жасауға
    тырысамын. Мен жаңа нәрсені үйренген кезде сәтсіздікке ұшырасам да, қайта қайта үйренуге тырысамын.
    Мен қиын өмірлік жағдайларда «дұрыс» әрекет етемін.
    Мен өз қателіктерімді мойындаймын, кешірім сұраймын және өз көмегімді ұсынамын.
    Маған қажет кезде көмек сұраймын.
  • Жауапкершілік
    Мен уәделерімді орындаймын, өз қателіктерімді мойындай аламын және
    қабылдаған шешімдерімнің салдары үшін жауап беремін.
    Жауапкершілік құрметке әкеледі – өзін-өзі құрметтеу, басқалардың құрметі.
  • Даму
    Мен үйренемін, тырысамын, қателіктер жасаудан қорықпаймын. Мен алдыма
    мақсат қоямын, көп нәрсеге қол жеткізгім келеді, өз дағдыларым мен рухани
    қасиеттерімді жақсартқым келеді. Мен күш салсам, кез келген салада жақсы
    нәтижеге қол жеткізе аламын.
  • Мейірімділік
    Мен адамдарға алғыс күтпестен көмектесуге, қамқорлық жасауға, қолдау
    көрсетуге және жылы қарым-қатынас жасауға тырысамын.
    Мен басқалардың сезімін жараламаймын, егер мұндай жағдай орын алса, кешірім сұраймын.
  • Құрмет
    Мен айналамдағы адамдарға сыпайылық, әдептілік, мейірімділік танытамын.
    Мен табиғи ресурстарға, басқа адамдардың жұмысына және өзім тұратын ортаға ұқыпты қараймын.
    Мен басқа адамның көзқарасын немесе таңдауын дұрыс деп санамасам да, оның пікірін құрметтеймін.
CIS халықаралық аккредиттеу
2022 жылдың шілде айында High Tech Academy Халықаралық Мектептер Кеңесінің (CIS) халықаралық аккредитациясын алды. Аккредиттеу мектептің CIS жоғары стандарттарына сәйкестігін, сондай-ақ сапалы халықаралық білімге деген ұмтылысты растайды. Біз жоғары халықаралық талаптарға сай білім беруді жалғастыра алатынымызға қуаныштымыз. Біз CIS өкілдерінің мектебіміз туралы айтқан көптеген оң тұжырымдары бар алғыс хатын жарияладық.
CIS аккредиттеу мектептің өзінің кәсіби қызметінде халықаралық білім беру саласындағы жоғары стандарттарды ұстанатынын және үздіксіз жетілдіріліп келе жатқанын растайды. Бүкіл әлемдегі білім министрліктері мен университеттер жоғары сапа стандарттары мен CIS халықаралық аккредитациясын алуға қойылатын талаптарды мектептің жоғары сапалы халықаралық білім беруге дайын екендігінің дәлелі ретінде таниды. CIS халықаралық аккредитациясының бүкіл әлемде мойындалуы туралы мына жерден толығырақ білуге болады; балаңызды CIS аккредиттелген мектепте оқытудың артықшылықтары туралы осы беттен біле аласыз.
ARQA халықаралық институционалдық аккредитациясы
2023 жылдың желтоқсанында НТА ARQA агенттігінде 5 жыл мерзімге институционалдық аккредитациядан сәтті өтті.
ARQA командасы біздің оқушылармен, мұғалімдермен және ата-аналармен сұхбат нәтижелерін жоғары бағалады. Олар мектептің өз құндылықтарына, миссиясына және көзқарасына сәйкес өмір сүретініне көз жеткізді. Олар біздің мұғалімдер командасының және әкімшілік топтың кәсібилігі мен ынта-жігерінен қатты әсер алды.
ARQA сарапшылары HTA оқушыларды шынайы өмірге тиімді дайындайтын бірегей инновациялық мектеп деп санайды. Олар сондай-ақ оқушылар мен ата-аналардың біздің мектепті қалай қолдайтынына және негізгі принциптер мен мектеп құндылықтарын қалай бөлісетініне таң қалды.